«Astana Invest 2015»: 56 мемлекет, 37 меморандум, 1,5 млрд. АҚШ доллардан астам инвестиция
Елордада «Astana Invest 2015» VI Халықаралық инвестициялық форум сәтті аяқталды, шараға 56 мемлекеттен 3500-ден астам адам қатысты.
Бірінші күн қазақ-эмираттық бизнес форум алаңында ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев және БАЭ Президенті шейх Халиф бен Заид Аль Нахаянның суретімен пошталық марканың таныстырылым салтанатынан басталды.
Жалпы бағдарлама аясында қалалық билік БАЭ-ның туризм, ауыл шаруашылық, өнеркәсіп салаларының көшбасшы компания басшылары және басқа да шетел делегаттарына Астана қаласының Индустриалды паркінде инвестициялық тур ұйымдастырды. Бас сессияның екінші күнінде форумға ҚР бірінші вице-премьері Бақытжан Сағынтаев, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков, ҚР Ұлттық Банк төрағасы Қайрат Келімбетов, «Астана Экспо-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев, Бүкіләлемдік Экономикалық Форумның (Давос) бас кеңесшісі Ксавьер Сала-и-Мартин, АТЭС бұрынғы атқарушы директоры Майкл Тэй және «BNP Paribas» банкінің директоры Доминик Меню және басқалар қатысты. Сессияға әйгілі америкалық миллиардер Джим Роджерс модераторлық етті. Өз кезегінде, ол Астанаға инвестиция салуға ниетті екенін мәлімдеді.
Өзінің сөйлеген сөзінде Ә. Жақсыбеков «осындай тұрақты әл-ауқаттылыққа ие бола отырып, инветорларды тарту кезінде біз әрқайсысының іскер қызығушылықтарын ескереміз. Сондықтан, бізде жеке капиталға елордалық нарықты еркін меңгеру үшін ашық және түсінікті механизмдер жұмыс істейді» деп атап өтті.
Астана қаласының инвестициялық әлеуетінің көрсетілімі Тәуелсіздік сарайында жалғасты. Екі күн бойы делегаттар 14 көрмелік шараның жұмыстарымен танысты: «Smart Astana» павильоны, «EXPO» көрмесі, «Астанада жасалынған», «АSTRA», елорда әкімдігі басқармалары және инвестициялық жобалар.
Екінші күні аясында, сондай-ақ, «Smart Astana 2015: идеядан жүзеге асыруға дейін» жыл сайынғы конференциясы өтті. Канада, Сингапур, Франция, Қытай, Венгрия, АҚШ және Қазақстанның он екі сарапшылары инновациялық жобаларын жүзеге асыру, «Smart Астананың» қазіргі даму жағдайы мен перспективасы жөнінде талқылады. Конференцияның қатысушылары бірауыздан смарт жобаларды жүзеге асыруда инвесторларды тарту бұл әлемдік заманауи тренд екенін айтты. 2015 жылы пилоттық режимде 10 миллион доллар инвестиция салынған «Smart Astana»-ның 5 жобасы іске қосылған. «Smart Астана» әлемнің жетекші қалаларының, атап айтқанда, Барселона, Торонто, Париж, Шанхай, Оулу, Ницца, Рига және т.б. тәжірибелері негізінде құрылады.
Панельдік сессия барысында UITP Халықаралық қоғамдық көлік одағының Қазақстанда кеңсесін ашу туралы «Муниципальды транспорт» МИФ пен «Astana Invest 2015» арасында келісімшартқа қол қойылды.
Форумды қорытындыласақ, әкімнің орынбасары Нұрәлі Алиев «бір күн ішінде 110-нан астам бизнес кездесулер өткізілді. Әр түрлі форум алаңдарында 1,5 миллиард АҚШ доллар құрайты 37 меморандум бекітілді» деп хабарлады.
Форумға 60 қазақстандық және шетел БАҚ аккредитациядан өтті. Ақпараттық таратуда ең ірі «CNN» әлемдік телеканалы медиа серіктес болды.
Анақтама үшін:
Union Internationaledes Transports Publics (UITP) бұл әлемде қоғамдық транспортты дамытудағы көшбасшы ұйым. Бұған әлемнің 92 елінен 1300 компания кіреді.
Бұл — операторлар, басқарушы органдар, зерттеу институттары, тауар жеткізушілер және қоғамдық транспорт қызмет түрі. Халықаралық қоғамдық көлік одағы тәжірибе алмасу мен білімді кеңейтуге және қоғамдық көліктерді дамытуда инновациялық әдістерді пайдалануға бағытталған.
Пікір жоқ әзірше