Нұрәлі Әлиев және шет елдерден келген спикерлер «Smart Астананың» даму мүмкіндіктерін талқылады
Смарт-жобаларды іске асыруда инвесторларды тарту тәжірибесі – бұл әлемдік қазіргі заманғы тренд. Осы және көптеген басқа да нәрселер жайлы бүгін «Smart Astana» конференциясында айтылды.
Бүгін, 29 қазанда, Тәуелсіздік сарайында «Astana Invest 2015» VI Халықаралық инвестициялық форум шеңберінде «Инновациялық хаб ретіндегі Астана» панельдік сессия — «Smart Astana 2015: идеядан – іске» жыл сайынғы конференциясы өтті.
Канада, Сингапур, Франция, Қытай, Венгрия, АҚШ және Қазақстаннан он екі беделді сарапшы өз елдерін мысалға ала отырып, инновациялық идеяларды іске асыру туралы баяндады. Спикерлер Смарт Астананың ағымдағы дамуын және оның мүмкіндіктерін талқылады.
Конференция алаңы форумның 200-ге жуық делегататының басын қосты: бизнес, инновациялар, IT-технологиялар салалары уәкілдерінің, сондай-ақ әлеуетті инвесторлардың, дипломаттар мен шетелдік және қазақстандық компаниялар топ-менеджерлерінің.
Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев әлемнің ең жас астанасында сессияға қатысушыларға құттықтау сөз арнады. Нұрәлі Әлиев, сөз сөйлеу барысында, «Smart Астананың» негізгі ерекшелігі жобаларды 100 пайыз инвесторларды тарта отырып іске асыру болып табылатынын, және осы жылы мемлекеттік бюджеттен шығын шықпағанын» айтып өтті.
Астана өзара тиімділік пен сенім қағидаттарына негізделген барынша айқын кепілдіктер береді. Нұрәлі Әлиев «инвесторларды тарту сапалы және смарт- технологияларды қарқынды іске асыруды қамтамасыз ететіндігін» атап өтті. Сондықтан инвесторларды тарту тәжірибесі жалғасатын болады. Бұл әлемдік заманауи тренд.
Сонымен қатар, ол «2015 жылы 10 миллион доллар инвестициямен «Smart Astana-ның» 5 жобасы пилоттық режимде іске қосылғанын» түсіндіріп өтті.
Нұрәлі Әлиевтің сөздері бойынша, «Smart Астана» Барселона, Торонто, Париж, Шанхай, Оулу, Ницца, Рига және т.б. сияқты әлемнің жетекші қалаларының тәжірибесі назарға алына отырып құрылады.
Конференцияның бірінші бөлімінде Hutchison International Inc. төрағасы және бас директоры, i-Canada ассоциациясының басшысы Билл Хатчисон Ақылды қалалар мен Үлкен деректемелердің мүмкіндіктері туралы сөз сөйледі. Еуропа және Орталық Азия елдері бойыншаEgis International компаниясының директорыМэтью Лусье тұрақты қалаға деген француздық көзқарас және Астана мен Париждің бірлескен жобасы «Astainable» нәтижелері туралы айтты. Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу Инновациялық хаб түріндегі Астанаға үндеулер тақырыбын қозғады. «Huawei» компаниясының уәкілі, смарт-жобаларды іске асыру бойынша серіктестердің бірі Сы и Дзоу «Астана – қауіпсіз қала»жобасын дамытуға арналған инновациялық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жайлы айтып өтті.
Конференцияның бірінші бөлімінің аяқталуына қарай, жалпы сомасы 250 миллион долларды құрайтын меморандумға қол қою рәсімі жүргізілді. Астана қаласының әкімшілігі мен «Қазпошта» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумдардың біріне Нұрәлі Әлиев пен Бағдат Мусинмен қол қойылды. Меморандум шеңберінде «Қазпошта» АҚ-ның жаңа пошта индексі мен «Астана – ақылды қала» тұжырымдамасы бойынша ары қарай инновациялық жобаларды енгізуді бірге іске асыру қарастырылды.
astana.gov.kz/kk/modules/material/9351
Пікір жоқ әзірше