Назаров «СКА» командасын ойсырата ұтты

Астана жаңалықтары: Назаров «СКА» командасын ойсырата ұтты

Жақында ғана санкт-петерборлық клубтан қайта орылған Андрей Назаровтың командасы Құрлықтық хоккей лигасы шеңберінде «СКА» хоккей клубын жеңді.

«Барыс» алғашқы минуттарда қақпасына шайба жіберіп алып, ойынды сәтсіз бастады. Алайда үзіліске дейін Андрей Назаров команданың жиналуына күш салып, есепті теңестіре білді. Шайба авторы – Найджел Доус.

Екінші айналымның басталысымен Роман Савченко алаң иелерін алға шығарды. Алайда қонақтар Ян Лацоның қақпасынан тағы да саңылау тапты.

Астаналықтар одан соң екі гол соғып, есепті 4:2 етіп, жеңіске жетті. Кейінгі екі шайбаны соққандар Доус пен Романов.
Осылайша «Барыс» 28 ойында 10-жеңісіне қол жеткізіп, 34 ұпай жинады. Ал «СКА» 39 ұпаймен қалды.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше