ЭКСПО халықаралық көрмесі елорданың инновациялық дамуына серпін береді

Астана жаңалықтары: ЭКСПО халықаралық көрмесі елорданың инновациялық дамуына серпін береді

«Республиканың астанасы – Астана ЭКСПО көрмесін өткізу құқығын жеңіп алған ТМД елдерінің ішіндегі тұңғыш қала», – деді «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов VI Инвестициялық форум барысында.

Астана «жасыл» энергетика саласында өзекті мәселелерді талқылаудың әлемдік алаңына айналады.

А. Есімов атап өткендей, ЭКСПО-2017 тек халықаралық көрме ғана емес, сонымен қатар, елдің әр түрлі саласына инвестиция тартатын ірі инвестициялық алаң. Бұдан бөлек, ІТ-технология, сәулет және құрылыс саласын дамытуға, сондай-ақ, қызмет көрсету сапасын көтеру және туристерді тартуға мүмкіндік береді.

Бүгінде ЭКСПО құрылыс алаңында 8 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Қазіргі таңда көрмеге 49 ел өзінің қатысуын растады. Шамамен 100 ел қатысады деп жоспарлануда. Бұл кең көлемді шара қаланың әлемдік аренадағы орнын жақсартып, оның инвестициялық тартымдылығын арттырып, елорданың технологиялық дамығандығын паш етеді. Көрме республиканың инновациялық дамуына серпін береді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9344
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше