Астанада жаңа аула клубы ашылды

Астана жаңалықтары: Астанада жаңа аула клубы ашылды

Елордада Мүсірепов көшесі 4/2 мекен-жайы бойынша жаңа аула клубы ашылды. Үш мектеп және төрт балабақшаның жанында орналасқан жаңа орталық спорттық секциялар мен сүйіктті хоббимен айналысатын алаңға айналады. Жаңа аула клубында үш жүзден астам жасөспірім түрлі шығармашылық және спорттық салаларға ден қоя алады.

«Алан» аула клубы «шахмат», «тоғыз құмалақ», «дзю-до», «каратэ-до», «қоян-қолтық ұрыс», «домбыра» сияқты үйірмелер арқылы балалар мен жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді әрі пайдалы өткізуін ұйымдастырып отыр.

Жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын тұрғылықты жерлері бойынша тиімді ұйымдастыруға бағытталған Астана қаласы әкімдігінің «Аула клубтары» әлеуметтік жобасы соңғы 5 жыл тұрақты түрде жұмыс жасап келеді. 2014 жылдың қортындысына бойынша 6 аула клубы ашылса, биылғы жаңа оқу жылында екі аула клубы «Мирас» және «Алан» клубтары жұмысын бастады. Аталған аула клубтары балалардың шығармашылық дарындарын шыңдай түсетін, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсетіп, жасөспірімдердің тәрбиесіне сүбелі үлес қосатын көп функционалды мәдени-спорттық орталықтарға айналып отыр.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9352
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше