"Astana Invest 2015" бас сессиясында 500 млн. АҚШ доллар көлеміндегі өзара серіктестік меморандумдарына қол қойылды
Бүгін VI Халықаралық инвестициялық форумның бас сессиясы соңында Астана қаласы әкімдігі мен бірқатар ірі компаниялар арасында жалпы сомасы 500 млн. АҚШ доллары көлеміндегі меморандумдарға қол қойылды.
Осылайша, Астана қаласы әкімдігі мен «Merey Real Estate Management» ЖШС арасында Астана қаласы аумағында жүзеге асырылатын жалпы көлемі 400 млн. долларды құрайтын инвестициялық жобаларға қол қойылды, олардың қатарында – іскерлік жобалар, сауда орталықтары, қонақүйлер, тұрғын және әкімшілік үйлер кіреді.
Сондай-ақ, «China Railway Asia Europe Construction Investment Co.LTD» және «Zoomlion Heavy Industry Science & Technology Co., LTd» компаниларымен 100 млн. АҚШ долларын құрайтын өзара ынтымақтастық және инженерлік-құрылыс теxникасы лизингі компаниясын құру туралы меморандумға қолқойды.
Қаланы газдандыру жобасын жүзеге асыру мақсатында Астана әкімдігімен «ГлобалГазГрупп» ЖШҚ арасында 80 млн. доллар көлеміндегі меморандум бекітілді. Бұл меморандум газ бөлу станциялары аумақтарын қамтамасыз ету, ғимараттарда, тұрғын үйлерде газ инфрақұрылымы жүйесін қалыптастыру бойынша серіктестікті жүргізуге мүмкіндік береді.
Атап өтейік, бүгінгі форум ірі компания өкілдерінің елорданың және тұтастай елдің дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді. Форум аясында қазақстандық және шетел компаниялар арасында жалпы сомасы 1,9 млрд. АҚШ доллар көлеміндегі меморандумға қол қойылады.
astana.gov.kz/kk/modules/material/9350
Пікір жоқ әзірше