«Астана» – «Атлетико» матчы кезінде жол қозғалысы шектеледі

Астана жаңалықтары: «Астана» – «Атлетико» матчы кезінде жол қозғалысы шектеледі

«Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында 3 қараша күні өз алаңында мадридтік «Атлетико» командасын қабылдайды. Бүгінде бұл матчтың 17 мыңнан аса билеті сатылып қойды.

Ойын 21.00-де басталады. Матч аяқталғанға дейін қоғамдық көліктерден басқа көлік қозғалысы үшін Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының Керей Жәнібек хандар көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейінгі бөлігі уақытша шектеледі. Мачт уақытында осы көшелерге жолы түсетін жүргізушілер Орынбор көшесі арқылы айналып өтеді.

Қалалық ІІД жанкүйерлер үшін қоғамдық көіліктерден бөлек арнайы автобустардың ұйымдастырылатынын хабарлады. Автобустар сағат 18.00-ден бастап қаланың 6 тұсынан қатынайды: «Қазақстан» СК; «Әзірет Сұлтан» мешіті; Қ.Мұңайтпасов атындағы стадион; «Жастар» театры; «Нұр Астана» мешіті; «Астаналық» цирк.

Билеттерді стадион кассасымен қоса, «Меломен» сауда желілерінен және «Тикетон» (www.ticketon.kz) интернет сервисі арқылы сатып алуға болады.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше