Астанада Халықаралық қоғамдық көлік одағының кеңсесі ашылады
Бүгін Халықаралық инвестициялық форум аясында «ASTRA» (Astana Transport Authority) қалалық транспорттық басқару компаниясының таныстырылымы өтті. Өнеркәсіптің негізгі бағыттары көлік, көлік жоспарлау, көлік инфрақұрылымы және көлік кешенін басқару болып табылады.
Компания бақылауында қоғамдық көлік түрлері, атап айтқанда, LRT, қалалық автобустар, қала маңындағы және мектеп автобустары, қалалық такси және автотұрақ жүйесі болады деп жоспарлануда. Халықаралық тәжірибеге негізінде басқарушы компанияны қалыптастыру — көліктің барлық түрлерін біріңғай жоспарлап, басқаруға және көлік жүйесінің интеграциясын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Рустам Халилев, «Астана LRT» ЖШС транспорт бойынша директоры:
– Біз бірқатар көліктік жобаларды қамтитын бірегей холдинг құру және біріңғай басқару операциялары туралы айтып отырмыз. Инвестициялық форумға қатысты, қазіргі уақытта жүзеге асырылып келе жатқан көлік кешені форматын инвестициялау үшін тартымды етіп көрсету біздің мақсатымыз болып отыр.
Мұндай компаниялар әлемнің 40-тан астам елдерінің ірі қалаларында, соның ішінде Нью-Йорк, Стамбул, Париж, Дубай, Чикаго, Милан, Сингапур, Гонконгта бар. Халықаралық инвестициялық форумның бірінші күнінде қоғамдық көлік саласының сарапшысы Франко Гацотти және Халықаралық одақтың бірінші хатшысы Мохамеда Мезгани «Тарифтік саясат» және «Жолақыны электрондық жүйемен төлеу» тақырыптары бойынша семинар өткізді.
Айта кету керек, ертең елордада (UITP) Халықаралық қоғамдық көлік одағының кеңсесі ашылуы туралы келісім-шартқа қол қою рәсімі өтеді.
astana.gov.kz/kk/modules/material/9338
Пікір жоқ әзірше