Астанада қалдықтарды пайдалану зауытын құру мәселесі талқыланды

«Astana Invest 2015» xалықаралық форумының екінші күнінде «Астана қаласында қоршаған ортаны жақсартудағы инновациялар» тақырыбында панельдік сессия өтті.

Шараға Астана қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әділбек Сәрсембаев және Мадрид қаласындағы Urbaser xалықаралық департаментінің басшысы Луис Мануэль Де Ля Кампа Менендес пен шетел инвесторлары қатысты. Сессия барысында Астана қаласында қалдықтарды пайдалану зауытын ашу жобасы қарастырылды.

Еске салайық, елордада xалықаралық инвестициялық форум алтыншы жыл қатарынан өтуде. «Astana Invest» қатысушыларға өз жобаларын ұсынуға, сондай-ақ, тікелей инвесторлармен тілдесуге және В2В-кездесуде жаңа серіктестік табуға мүмкіндік береді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9349
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше