"Astana Invest 2015" аясында Қазақстан-эмираттық бизнес форумы өтті

Астана жаңалықтары: Astana Invest 2015 аясында Қазақстан-эмираттық бизнес форумы өтті

Нұрәлі Әлиев туризм, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп саласындағы БАӘ озық компаниялары басшыларына Астана қаласының инвестициялық мүмкіндіктерін көрсетіп өтті.

Бүгін, 28 қазанда, Тәуелсіздік сарайында «Astana Invest 2015» бірінші күні шеңберінде қазақстандық-эмираттық бизнес-форумы өтті.

Форум алаңы Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері шағын және орта бизнесінің 100 жуық уәкілдерін жинады.

Форум жұмысына Қазақстан тарапынан Астана қаласы Әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев,«Продкорпорация» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Рахмет Байнаков және т.б. қатысты.

Абу-Даби делегациясының құрамына Абу-Даби сауда-өнеркәсіп палатасының Президенті, «Arabtec» құрылыс компаниясы Директорлар Кеңесінің Төрағасы Мухаммед ар – Румейси, «Aldar Properties PJSC» компаниясы Директорлар Кеңесінің Төрағасы Абубакр Седдик аль-Хури, сондай-ақ БАӘ ҚР елшісі Сухейль Матар аль-Кетби кірді.

Бизнес-форумның ашылуы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың және БАӘ шейх Президенті Халиф бен Заида Аль Нахаянның суреттері кескінделген пошта маркаларын көрсету рәсімінен басталды.

Бұдан әрі, Астана қаласы Әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев өз сөзінде әмірлік қонақтарымен сәлемдесті және инвестициялық қызмет үшін астана мүмкіндіктері туралы айтып өтті.

Нұрәлі Әлиев баса айтқандай: «Біздің астанамызды шетелдік капиталға арналған жеңілдіктер мен пұрсаттылықтың бүтіндей жүйесі, шетелдік инвестицияларды қолдау мен қорғаудың нақты жүйесі ерекшелейді. Шетелдік инвесторлардың барлық мүдделері заңнамамен қорғалған».

Сондай-ақ, ол Астана «жайлы инвестициялық жағдайды және экономикаға шетелдің инвестициялар ағымын бұдан әрі қалыптастыруда» мүдделі екенін қосып айтты.

Шетелдік қонақтарға арналған бағдарлама шеңберінде Астананың Индустриалдық парк нысандары бойынша инвестициялық тур ұйымдастырылды.

Қазақстандық-эмираттық бизнес-форум екі елдің экономикалық мүдделерін біріктіруге және өзара тиімді серіктестікті нығайтуға арналған. Бизнес-форум қазақстандық кәсіпкерлеге Араб Әмірліктерінен келген әріптестерімен тәжірибе және бизнес-идеялармен алмасудың тамаша мүмкіндігін ұсынды.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9340
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше