Шетелдерде тұратын қандастарымызға арналған халықаралық өнер фестивалі өтеді
29-30 қазан аралығында Астанада Қазақ гуманитарлық заң университетінің концерт залында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шетелде тұратын қандастарымыздың қатысуымен халықаралық өнер фестивалі өтеді, деп хабарлайды kazaitys.kz.
Байқаудың мақсаты — Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеудің мәні мен бүгінгі таңдағы тарихи маңызын ашу, жастарды ұлттық құндылықтар рухына сәйкес қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ халқының мәдениеті мен салтын насихаттау, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын, шетелдегі дарынды қазақ жастарының шығармашылық шеберлігін насихаттау.
Фестиваль аясында ақындар мүшәйрасы, термешілер сайысы және суретшілер көрмесі ұйымдастырылады. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде — біреу — 200 000 теңге; І орын — екеу — 150 000 теңгеден; ІІ орын — екеу — 120 000 теңгеден; ІІІ орын — екеу — 80 000 теңгеден. Ынталандыру сыйлығы — үшеу — 60 000 теңгеден.
Аталған шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері, өнер майталмандары және алыс-жақын 20-дан астам шет елден қазақ диаспорасы өкілдері, мәдени орталықтарының жетекшілері және өнерлі жастары арнайы шақырылады.
Мүшәйра, терме және көрме сайыстарына жас мөлшері 20-35 жас аралығындағы шетелде тұратын отандастарымыз қатысады.
inform.kz/kaz/article/2833079

Пікір жоқ әзірше