Астанада «Сағындырған әндер-ай!» ретро ән кеші өтеді

«Сағындырған әндер-ай» — жыл сайын өтетін дәстүрлі ретро ән кеші. Сағындырған сонау жылдарды әннің құдіретімен еске түсіретін кеш көзі қарақты көрерменнің көзайымына айналып үлгерді.
Бұл жобаның авторы және ұйымдастырушысы «Майра» продюсерлік орталығының директоры Майра Ілиясова биыл қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының басын қосып, әсерлі ән кешін Астанада ұйымдастырмақ.

Қазақ сахнасында жылдар бойы көрерменге әсем әндерің ұсынып, өнер әлеміне еңбегі сіңген аға буын «Досмұқасан» тобы, Роза Рымбаева, Ескендір және Біржан Хасанғалиевтер, Нұрғали Нүсіпжанов, «МузАрт» тобы, «Нұрмұқасан» тобы, Нұржамал Үсенбаева, т.б. жас буын әншілері «Жігіттер» тобы, Алмас Кішкенбаев, Жанар Доғалова, Төреғали Төрәлі, Санда, т.б өнер жұлдыздары бір сахнада тоғысады.

Сіз ойламаған тосын сыйлар көрерменді таңқалдырып, Сіз күтпеген дуэттер жыл жаңалығына айналады. 40 жыл сахнада өнер көрсеткен Роза Рымбаева мен жас әнші Серік Ибрагимов, қоңыр дауысты Мейрамбек Беспаев пен Әли Оқапов, Халықаралық «Славян базары» байқауының Гран при иегері Димаш Құдайбергенов пен көптеген ән байқауларының жеңімпазы Әлішер Кәрімов дуэт боп шырқайтын болады! Елорданың тұрғындары мен қонақтарына арналған ұмытылмас жұлдыздар шеруі 16 қараша күні, сағат 19:00-де «Қазақстан» орталық концерт залында өтпек.

inform.kz/kaz/article/2833442
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше