Астанада электр жүйелерін реконструкциялау аяқталды

Астана жаңалықтары: Астанада электр жүйелерін реконструкциялау аяқталды

Жылыту маусымына дайындық аясында елорданың коммуналдық шаруашылғы саласында күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, магистраль мен жылыту жүйелерін жөндеу жұмыстары, сондай-ақ, изоляция және гидравликалық сынақтар жүргізілді.

Бұдан бөлек, қаланы үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық қызмет өкілдері электр энергиясы қондырғыларында ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Жылыту маусымына дайындық кезінен бастап 56 трансформаторлық бекет, 170 км-ден астам энергия желісі жөндеуден өтті.

Елорданың даму қарқынын ескере отырып, сондай-ақ, энергия көзін тұтыну көлемінің өсуіне орай қуат көздерін кеңейту мен жаңа құрылыс қажеттілігі туындады. Қазір ТЭЦ-1-де және ТЭЦ-2-де қайта құру мен кеңейту жұмыстары, сондай-ақ, жаңа ТЭЦ-3 құрылысы жүргізілуде. Бұл нысандар қуат көзін тұтынушылықтың ауқымын кеңейтеді және елорданың тұтынушыларын үздіксіз әрі сенімді энергия жүйесімен қамтамасыз етеді.

Бүгінгі күнде энергия көздері отынмен жеткілікті шамада қамтамасыз етілген, бұл 2015-2016 жылғы жылыту маусымына үздіксіз жұмыс атқаруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, Теміржолшылар, УПТК, Промышленный, Мичурино, Интернациональный, Пригородный елді-мекендеріне жылумен қамтамасыз ететін әрбір ауданның қазандықтары үнемі бақылауда болады. Әрбір ауданның қазандықтарында күзгі-қысқы кезеңге барлық дайындық жұмыстары жүргізілді. Олардың дайындығы 100 пайызды құрайды.

Елордада инженерлік жүйені қайта құру мен модернизациялау аясында жылу энергиясын үздіксіз жеткізу үшін Астана қаласы әкімдігі 2015 жылы 2060 м. жылу магистраліне, соның ішінде ТМ-5, ТМ-18, ТМ-50, ТМ-36 қайта құру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге орай 4-ші және 5-ші жылу магистралінің құрылысы салынуда.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9336
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше