Astana Invest 2015 VI Халықаралық инвестициялық форум басталды

Астана жаңалықтары: Astana Invest 2015 VI Халықаралық инвестициялық форум басталды

Бүгін Тәуелсіздік сарайында Astana Invest 2015 VI Халықаралық инвестициялық форумы басталды.

Astana Invest 2015 – қазақстандық истеблишмент пен шетелдік және қазақстандық бизнес-қоғамдарының өңірдегі инвестициялық дамуды талқылауға арналған бірегей алаң болып табылады. 20-дан астам басқа елдің 1000-нан артық делегаты Форумға қатысу ниетін білдірді. Шетелдік қонақтар үшін «Астана — жаңа қала» АЭА индустриалды парктің кәсіпорындары бойынша қызықты тур өткізіледі: «Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг» ЖШС, «Тұлпар-Тальго» ЖШС, «Astana Solar» ЖШС. Нысаналардың көрсетудің барысында делегаттарға өндірістегі алдыңғы қатарлы технологияларды көрсете отырып, зауыттардың барынша қуаты жөнінде айтылады, сондай-ақ, соңғы жетістіктер мен еркін экономикалық аумақтың әлеуеті туралы сөз қозғалады.

Форум барысында Астананың Еуразиялық кеңістіктегі Ұлы Жібек жолы бағдары бойынша Көліктік және Инфрақұрылымдық Хабы ретіндегі әлеуеті ашылады. Бұдан басқа, Астанада Азия мен Еуропа мемлекеттері арасындағы тәжірибелік білімді және ғылыми жұмыстарды алмастыруға арналған Халықаралық медициналық Хабты қалыптастыру бастамасы сөз болады. «fDi» журналының бас редакторының қала басшылығына Астананың еркін экономикалық аумағы бар қалалардың рейтінгінде 20 орын алғаны жөнінде сертификат беру рәсімі айрықша іс-шарасы өтеді.

Astana Invest 2015 – бұл қатысушылар үшін өз жобасын ұсыну, әлеуетті инвесторлармен тікелей тілдесу және үш күн бойы болатын B2B-кездесулерінде жаңа серіктестерді табу мүмкіндігі. Форумның шеңберінде әлемдік атаққа ие: Кьелл Нордстрем, Сергей Макаров, Дуглас ван ден Берге сияқты коучерлар өткізетін шебер -кластар болады. Форумның панельдік сессияларына қатысу үшін инвестициялар мәселелері жөніндегі сарапшылар, ірі кәсіпкерлер, әкімдік және Қазақстандағы ұлттық компанияларының басшылығы шақырылды.

Инвестициялық жобаларадың арнайы көрмесі ерекше рөл атқарады, оның қатысушылар қонақтарды павильондардың ерекше безендірілгенімен, сонымен бірге жобаларының инвестициялық тиімділігімен қызықтыра алады.

astana.gov.kz
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше