Astana Invest 2015 қатысушылары фотоэлектрлі модульдер мен күн батареясы зауытын аралады

Астана жаңалықтары: Astana Invest 2015 қатысушылары фотоэлектрлі модульдер мен күн батареясы зауытын аралады

Бүгін Астанада VI Халықаралық инвестициялық форумының бірінші күні өтіп жатыр. Аталмыш шараға қатысу үшін елордаға Еуропа, ТМД мен Азия мемлекеттерінен делегаттар келді.

Форум аясында қатысушылар «Аstana Solar» ЖШС фотоэлектрлі модульдер мен күн батареясын шығаратын зауытты аралады. Кәсіпорын өкілдері қонақтарды қарсы алып, зауыт жұмысымен толыққанды таныстарды.

Күн батарея өнімін шығару Қазақстанда үш кезең бойынша жүзеге асырылады. Алматы облысы Үштөбе қаласында кремний өндіріліп, Өскемен қаласында негізгі шикізат көзі дайындалып, Астанаға күн ұяшықтары түрінде жеткізіліп, күн модулдері дайындалады.

Зауыттың өнімділігі – сағатына 30 модульді, тәулігіне – 240 модульді құрайды. Кәсіпорын жылына қуаттылығы 50 МВт-тық дайын фотоэлектр модульдерін құрайды.

«Astana Solar» – Қазақстанда фотоэлектр индустриясын дамытудың тік интеграцияланған жүйенің «KazPV» деп аталатын тізбегінің бір түйіні.

Зауытты аралау барысында қатысушылар күн батареясы өнімін бастапқы түрінен дайын болған қалпына дейін көре алды. Зауыт толығымен автоматтандырылған. Қол еңбегі неғұрлым аз, негізінен, жұмыс барысын бақылау және өнім сапасын тексеру кезінде ғана пайдаланылады. Инвестициялық турдың қатысушыларына зауытта шығарылған батарея 25 жылға дейін жұмыс істейтіндігі туралы айтылды.

Зауыттың құрылысы Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялды-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасының және Қазақстанның Индустрияландыру картасының бөлігі болып табылады.

Еске салайық, Қазақстанның «жасыл экономикаға» өтуіне және «Энергия үнемдеу – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға орай аталмыш жобаның өзектілігі артады.

Айта кету керек, VI Халықаралық инвестициялық форумға 2500 жуық адам, оның ішінде 1,5 мың шетелден келген қонақтар қатысады.

Астана жаңалықтары: Astana Invest 2015 қатысушылары фотоэлектрлі модульдер мен күн батареясы зауытын аралады

Астана жаңалықтары: Astana Invest 2015 қатысушылары фотоэлектрлі модульдер мен күн батареясы зауытын аралады

Астана жаңалықтары: Astana Invest 2015 қатысушылары фотоэлектрлі модульдер мен күн батареясы зауытын аралады

astana.gov.kz/kk/modules/material/9335
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше