«Жайдарлы Жас ұлан» республикалық зияткерлік сайысы өтті

Астана жаңалықтары: «Жайдарлы Жас ұлан» республикалық зияткерлік сайысы өтті
24 қазан күні мектеп жасындағы балалар арасында «Жайдарлы Жас ұлан» республикалық зияткерлік сайысы өтті. Бұл сайыстың мақсаты – оқушылардың өнерін жанып, тапқырлыққа баулу. Әрі әзілге жақын болып, өмірге көңілді қарауды да мақсат тұтады. Бұл шара жыл сайын өтіп келе жатқан болатын.

Астана жаңалықтары: «Жайдарлы Жас ұлан» республикалық зияткерлік сайысы өтті
Биылғы сайысқа республика бойынша 13 команда қатысып, «Сәлемдесу» сайысы бойынша додаға түсті. Жүздері жайнаған жас ұландардың сайысына республикалық Премьер лига ойындарының тұрақты қазысы — Нұрмахан Мұқанұлы, «Балапан» телеарнасының директоры — Ләйлә Сұлтанқызы, Республикалық «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымының төрайымы — Динара Садвакасова, Білім және ғылым министрлігі, Жастар саясаты департаментінің директорының орынбасары — Ернат Мұхамадиев және «Түнгі студия» бағдарламасының жүргізушісі — Дәулет Бижанов қазылық етті.
Ойын барысында Ақмола облысы, Степногорск қаласынан келген «Сейфуллин жастары» және Астана қаласы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Күлтегін» жайдарман тобы қонақ ретінде өнер көрсетті.
Қазылар алқасының шешімімен «Қамажай» (ІІІ орын, 200 000 теңге), «Осал емес» (ІІ орын, 150 000 теңге)«Көңілді көшпенділер» (І орын, 200 000 теңге) жайдарман топтары жүлделі орындарға ие болып, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

ІІІ орын – «Қамажай» жайдарман тобы (100 000 теңге)Астана жаңалықтары: «Жайдарлы Жас ұлан» республикалық зияткерлік сайысы өтті
ІІ орын – «Осал емес» жайдарман тобы (150 000 теңге)Астана жаңалықтары: «Жайдарлы Жас ұлан» республикалық зияткерлік сайысы өтті

І орын – «Көңілді көшпенділер» жайдарман тобы (200 000 теңге)Астана жаңалықтары: «Жайдарлы Жас ұлан» республикалық зияткерлік сайысы өтті
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше