«Барыс» бабына келе бастады

Астана жаңалықтары: «Барыс» бабына келе бастады
Бұрынғы бапкер Андрей Назаровтың оралуымен елордалық «Барыс» хоккей клубы қайта қайратына мінді. Құрлықтық хоккей лигасы аясында астаналықтар өз үйінде мәскеулік «Спартак» командасын қабылдап, жеңіске жетті.
Ойынның алғашқы минутында «Барыс» Константин Пушкаревтің арқасында есеп ашты.
Екінші айналымда қонақтар Ян Лацоның қақпасынан үш рет саңылау тапты. Көзге түскен мәскеуліктер – Константин Глазачев, Глеб Клименок және Кейси Уэллмэн. Сондай-ақ, бұл айналымда астаналық Майк Ландин мен Кэвин Даллмэн мергендігімен ерекшеленді. Ал, жеңіс шайбасын соққан – Вячеслав Трясунов.

Осылайша білікті бапкердің басшылығымен «Барыс» бабына келе бастады.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше