Айдын Айымбетов «ЭКСПО-2017» көрмесінің елшісі атанды
Бүгін Астанада Қазақстанның үшінші ғарышкері Айдын Айымбетовке «ЭКСПО-2017» көрмесінің елшісі ресми мәртебесі берілді.
«Біз Айдынды біздің көрменің елшісі етуді шештік. Бұл — құрметті әрі мәртебелі іс. Біз қазіргі кезде еліміздің қоғам қайраткерлері мен танымал адамдарынан құралған қоғамдық кеңесті құрумен айналысудамыз. Яғни, олар көрменің елшілері болып, ЭКСПО-2017 көрмесі арқылы біздің Қазақстанды насихаттайды. Сондықтан да бүгін табыстап отырған сертификатымыз Айдын Айымбетов «ЭКСПО-2017» көрмесінің елшісі ресми мәртебесіне ие екенін растайды, — деді А. Есімов.
Мұнымен қоса, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы басшысы ғарышкерге естелік сыйлық ретінде ғарыш кемесінің металынан жасалған қол сағатты табыстады. Сағатта «Қазақстан. Байқоңыр. Союз ТМА-18М» жазуы қашалған.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Астанада Қазақстанның үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке ғарышта болып келген «ЭКСПО-2017» жалауын табыстады.
inform.kz/kaz/article/2832974

Пікір жоқ әзірше