Астанадағы қайырымдылық жүгіру басқа қалаларда жалғасты

Астана жаңалықтары: Астанадағы қайырымдылық жүгіру басқа қалаларда жалғасты
Астанада өткен ҚР қарулы күштерінің алғашқы қайырымдылық жүгіруі елордалықтардың арасында қызығушылық туғызып қана қоймай, сонымен бірге Қазақстанның басқа да қалаларында әскери қызметшілер мен қоғам тарапынан қолдау тапты деп, хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Мұндай іс-шаралар әскери қызметшілердің, қоғам қайраткерлерінің, журналистер мен шаһардың белсенді тұрғындарының қатысуымен Алматыда, Ақтөбеде және Оралда өтті.

«Біз бір уақытта Алматыда жүгірдік. Сонымен қатар «Мейірім» қорының шотына онлайн түрінде қаражат аудардық. Марафонды өткізу идеясы өте жақсы, мұндай марафондарды болашақта Алматыда өткізуге болады. Әскери қызметшілердің қайырымдылық көрсету бастамасы қазақстандықтар арасында қолдау тауып, ауқымдырақ болып, алдағы уақытта ұдайы өткізіліп тұрса құба-құп болар еді», — деп таулы даярлық жөніндегі команда бастығы ҚР ҚМ АОСК-ның аға лейтенанты Мақсұт Жұмаев өз ойымен бөлісті.

Қайырымдылық іс-шараға мұндай жан-жақты атсалысу біздің көмегімізге мұқтаж балаларға қолдау көрсету болып табылады. Жүгіруге қатыса отырып, әскери қызметшілер мен қалың жұртшылық өкілдері қайғыларына ортақ болып қана қоймай, еркін түрдегі рақымшылық көрсету арқылы қайырымдылық жасау және балаларға жәрдем беру ісіне үлестерін қоса алады. Әрі қарай мұндай іс-шаралардың ұйымдастырылуын жалғастыру және Қазақстанда дәстүрлі етіп жасау жоспарлануда.

25 қазанда «Отан қорғаушылар» алаңында «Әскери әулет» байқауы шеңберінде ҚР ҚК қайырымдылық жүгіруі өткізілгенін естеріңізге сала кетейік. Оған 700-ден аса адам, яғни, ҚР қорғаныс министрлігінің, Ақмола гарнизонының, ҚР қарулы күштері құрамалары мен бөлімдерінің әскери қызметшілері, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ қоғам қайраткерлері, эстрада әртістері, елорда тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Жүгіру барысында жиналған барлық қаражат «Мейірім» қоғамдық қоры мен «Балаларға өмір сыйла» қорына тапсырылатын болады.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше