Астанада жеке тасымалдау қызметінің алдын алу бойынша рейдтік шаралар өтуде
«Нөлдік шыдамдылық» принципін қалыптастыру мақсатында елордалық полиция қызметкерлері тұрғындарың еркіне қарсы өз қызметін ұсынатын тұлғаларды анықтау бойынша іс-шаралар өткізуде. Астана қаласы ІІД ӘПБ бөлім басшысы Жанат Шумшалиннің айтуынша, арнайы құрылған мобильді топтар жеке тасымалдаумен айналысатын тұлғалардың жұмысына қатысты рейдтік тексерістер ұйымдастырды.
Екі күндік шара аясында қоғамдық орындарда тұрғындарға жармасқаны үшін 75-тен астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың ішінде 56 тұлға жеке тасымалдау қызметін жүзеге асырғаны үшін ұсталды.
Мұндай шаралар автовокзал маңында да өткізілді. Заң бұзушылықтар бойынша жиналған барлық құжаттамалар шешім қабылдау мақсатында сотқа жіберілді. Астана қаласы Әкімшілік полициясының мәліметінше, жыл басынан бері қоғамдық орындарда тұрғындардың еркіне қарсы өз қызметін ұсынудың 3,5 мың фактісі анықталды.
Еске сала кетейік, ҚР «Әкімшілік заң бұзушылық» Кодексінің 449 тармағы бойынша аталмыш бұзушылықтарға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады, егер тұлғаның бұл әрекеттері қайталанса 10 АЕК көлеміндегі айыппұл салынады немесе 5 тәулікке қамауға алынады.
– Сонымен қатар, – деді Жанат Шумшалин, – Астана қаласы ІІД ӘПБ жол-патрульді полиция экипаждары елорданың орталық көшелерінде тәртіпті қадағалайды.
astana.gov.kz/kk/modules/material/9328

Пікір жоқ әзірше