Астанада жаңа балабақша ашылады

Астана жаңалықтары: Астанада жаңа балабақша ашылады

Мектепке дейінгі мекемелерде кезекті азайту мақсатында ҚР Бас прокуратурасы елордада 48 орындық жаңа балабақшаны пайдалануға бермек. Аталмыш нысан Хусейн бен Талал мен № 36 көшелері қиылысындағы көппәтерлі тұрғын кешеннің бірінші қабатында орналасқан.

Бүгін елорда әкімдігінде Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель мен Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев мектепке дейінгі ұйымды тапсыру бойынша Меморандумға қол қойды.

2016 жылдың 1 қаңтарында балабақша мемлекеттік қабылдау комиссияның актісі бойынша Астана қаласының коммуналдық меншігіне беріледі. Аталмыш нысан № 54 «Нұрай» балабақшасына қарасты болады деп жоспарланған.

Эльмира Суханбердиева, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы:

– Бас прокуратура бүгін 48 орынды балабақшаны жабдықтады. Біз өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойдық. Құжат аясында 24 қызметкердің балалары мен кезекте тұрған 24 бала аталмыш мектепке дейінгі мекемеде тәрбиеленеді. Астана қаласының әкімдігі жаңа 3 балабақшаның тапсыратындықтан, 1 қаңтардан бастап балаларды жоспардан тыс топтау жүргізіледі. Бұл балабақшада балалар үшін барлық жағдай қарастырылған.

Жаңа ғимаратта жатын орын мен киім ілетін бөлмеден бөлек, музыка, ойын залы, медициналық кабинет және тамақтану орындары соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған, сондай-ақ, әдістемелік бөлме де бар. Бұдан бөлек, балабақша ауласында түрлі-түсті сырғанақ, әткеншек және өзге де спорттық алаңдар орнатылған.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9330
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше