Астанада «KazAgro-2015» және «KazFarm-2015» көрмелері ашылады

Бүгін Астанадағы «Көрме» КО-да сағат 11.00-де жыл сайынғы ірі халықаралық «KazAgro-2015» ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі көрмесі мен «KazFarm-2015» мал шаруашылығы және ет-сүт өнеркәсібі көрмелерінің салтанатты ашылуы өтеді, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.
«KazAgro-2015» және «KazFarm-2015» халықаралық ауыл шаруашылығы көрмелері Қазақстанның ауыл шаруашылығы индустриясының дамуына өз үлесін қосып отырған еліміздің ең басты аграрлық көрмелерінің бірі саналады.

«KazAgro/KazFarm-2015» халықаралық көрмелерінде әлемнің жетекші агроконцерндерінің бірқатар жаңа ауыл шаруашылық техникалары мен жабдықтары, инновациялық технологиялар және аграрлық секторды дамытуға арналған бағдарламалар ұсынылатын болады, аталған жетістіктер Қазақстанның АӨК-іне ауылшаруашылық ғылымындағы соңғы әлемдік жетістіктерді ендіруге жағдай жасамақ.

Көрмелерге Австрия, Австралия, Беларусь, Иордания, Испания, Италия, Қазақстан, Канада, Қытай, Латвия, Литва, Нидерланды, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Франция, Чехия, Эстония және Оңтүстік Корея елдерінің 200-ден астам компаниясы қатысады.

Олардың арасында «Ростсельмаш» комбайн зауыты, «Ресей Агромашхолдингі», «Қазақстан Агромашхолдингі», «CanAgro», «Agrotec», «Amazone», «Westfalia», «Petkus ТД МТЗ», «Қазтехмаш», «АвиаМастер Эйркрафт», «Агроспецтехника» т.б. әлемге танымал ірі компаниялар бар.

Сочи қаласындағы Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығының XII форумында қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау мақсатында өткізілетін бизнес-миссия халықаралық көрменің басты іс-шарасына айналмақ. Екі елде АӨК-ін бірлесіп дамытуға арналған бірқатар маңызды семинарлар өткізіледі. Шара барысында отандық ұшақ жасау саласының жетістіктерінің бірі тұтас темірден жасалған қысқа қашықтықта ұшып-қонатын 4 орындық «АРАЙ» ұшағы (тұтас темірден жасалған канадалық ұшақтың прототипі) таныстырылмақ.

Сонымен қатар жаңадан шығарылған АСЭШ-8-1, АСЭШ-8-2 ауа-жылытуды өлшеу қондырғылары, «ВЬЮГА» зертханалық диірмені, НЕ-53 ылғалдылық анализаторы, жаңа Alvaen Blansh астық кептіргіші, ЖВЗ-10 дестелегіші, ПСК сериялы соқа көпшілік назарына ұсынылады.

inform.kz/kaz/article/2832651
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше