EXPO-2017 нысандарының құрылысы жоғарыдан түсірілді


Ғаламтор желісінде EXPO-2017 нысандарының құрылысын биіктіктен түсірген видео пайда болды.
«EXPO-2017 құрылысының барысы, Астана, Қазақстан. Astana Kazakhstan. Бір нысанның кадрлары — 2014 жылғы қазан, 2015 жылғы маусым, 2015 жылғы қазан», — деп Youtube желісіне автор Vit W (Виталий Перов) жариялады.

"Үш жыл бұрын 2012 жылы Қазақстан әлемдегі ірі көрме EXPO көрмесін өткізуге таңдап алынды, деп ол оқырмандарына көрме туралы хабардар етеді. Ал қазір бір жыл өткен соң барлық нысандардың кескіндері айқын көрінеді, кейбіреулерінің шатырында күн батареялары көрінеді. Мен барлық құрылыс өз уақытында аяқталып, Қазақстан бүкіл әлемге танылады деп үміттенемін», — дейді Vit W.

inform.kz/kaz/article/2832207
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше