Елорданың субұрқақтары қысқы режимге ауыстырылды
Елордада қысқа дайындық жұмыстары аясында субұрқақтар жазғы режимнен қысқы режимге ауыстырылады. Биылғы жылы субұрқақтар мен субұрқақ кешендерін қысқы режимге ауыстыру 1 қазанда басталды. Қазіргі таңда елордада 40 субұрқақ кешені бар.
Осылайша, барлық субұрқақтар келесі жазға дейін өз қалыптарын жоғалтпайды. «Астана-Зеленстрой» АҚ қызметкерлерінің күшімен қысқы маусымда жер асты суларын шығару мақсатында техникалық қызмет көрсетіледі.
Еске сала кетейік, Астанада субұрқақтар маусымы 1 мамырда ашылады. Қаланың барлық субұрқақтары таңғы 8.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істейді, күндіз сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін және 16.00-ден 17.00-ге дейін техникалық үзіліс қарастырылған.
Пікір жоқ әзірше