Ажал айтып келмейді

Бала кезім көрші тұратын нағашы ағамның кенже ұлы қайтыс болды. Қайтыс болардан бір күн бұрын барлығымыз су шашып ойнадык, түрінен еш өзгеріс білінбеді. Түнде ата-анамды шақырып алып кетті, біз білмей ұйықтап жата бердік. Ертесі ағамның баласы қайтыс болды дегенде түк түсінбей жүрдім, менің балалық шағымда адамдар сирек өлетін. "Өлім"-, деген нәрсе қорқынышты көрінетін. Ағамның баласы о дүниелік болған соң, мен де бір қорқыныш пайда болды, менен біршама жас үлкен болғанымен, он алты жасқа енді келген ағам қайтыс болғандықтан, маған енді жанашыр аға емес, сыры басқа әлемінде өмір сүретін "құбыжық", көрінді. Алғаш рет «неге адамдар өледі»,- деген терең ойға қалдым. Өмір не үшін сүріп жүргеніміз туралы да ойландым. Қойшы барлығы балалық шақта қалды ғой, енді осы әлемге оралайық, осы жылы құрбан айттың алдында шек бермек болдық. Мал сойылып, барлығы дайын болғанда шақырылып қойған қонақтар келе бастады. Көшенің жоғары жағында тұратын Анар апайды да ұмытпай шақырдық. Анар кейуана сәл кешігіп келді, ентігіп тұрып қолында тұрған түйіншекты маған берді да жоғары өрледі. Қашанғы әдетімен барлығын күлкіге қарқ қылып, дастарқан басында жайнап отырды. Қонақтар қайта бастағанда Анар апаймен бір екі кісі артында қалып "өзіміз" болып шай ішпек болғанбыз. Кенет Анар апай «терлеп кеттім» -, деп диванга басын ұстап жатып қалды. Киімі су болған, жедел жәрдемде тез келе қойды, бірден ауруханаға алып кетеміз десті, не болғанын түсінбей біз қалдық. «Бармаймын кешке балалар келеді»-, деп бас тартканынына қарамай жібердік. Кешке бір бейтаныс бала келді, «апам бағана сіздерде отырыпты, кілт жоқ үйдің, түсіріп алмады ма көріп шығыңызшы» -, деп өтінді. «Апасынан неге сұрамайды» деген сұрақ қоя алмадым қорықтық. Брак бәрі біткен екен Анар апа о дүниелік болыпты. Жүрегінің тамыры жарылып кеткен. «Неге қонаққа шақырдык» деген өкініш пен қала бердік. Ал кеше не болды деңіз, Тараз қаласының орталығында өзін өзі өртеп жіберген жігіт турасында… Алдында балаларын лақтырып жіберген ананы көрсеткенде былай шымырламаган жаным шығып кете жазады. Менің жанымды ауырытқаны видеога түсіріп тұрғандардың қатыгездік танытып селт етпегены. Өлім айтып келмейді ертең оларды қандай ажал күтіп тұр. Баланың жанатынын біледі ең болмаса су алып жүрмей ме… Адамдар қасында өліп жатса да селт етпейтін заманға келдік бізде өкінішті.…
Бөлісу:

8 пікір

bake
Суық леп келіп тұр жазбадан…
VKM
инетте күнде өлім туралы жазады((((((((((
AidaKozhmambetova
Брак сабак алып жаткан биреуы жок(((((
satibaldi
AidaKozhmambetova
Негып кулдиниз? Айтып олтринизшы.
bake
«огы тауысылып калган-ды…
SSSS
«Адам өлгеннен қандай сабақ алады, бәрі-бір барар жеріміз сол жақ қой» — деп, күліп жатқан шығар.