Астанада алғаш рет жоғары мамандандырылған медициналық көмек – «витрэктомия» әдісі енгізілді
Астанада № 2 қалалық аурухана негізінде алғаш рет қалалық станционар деңгейінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек – «витрэктомия» әдісі енгізілді.
Витрэктомия («витреум» – латын тілінен аударғанда шыны тәріздес дене; «эктомия» – жою) – өзгеріске ұшыраған шыны тәріздес денені жоюға арналған операцияның түрі. Осы уақытқа дейін емі жоқ деп келген көз торы мен шыны тәріздес дененің ауруларын емдеуге осылайша мүмкіндік береді.
Витрэктомия операциясы кірпікті дененің тегіс бөлігінде, көздің сыртқы мөлдір қабығы мен торына үш кішкентай тілік жасау арқылы жүзеге асады. Осылайша құралдарды енгізу тор қабығы мен көзбұршақты зақымдаудан сақтайды.
Бұл заманауи витреоретиналды хиругиялық әдістің бір ғана негізгі міндеті – көз торы мен шыны тәріздес дененің асқынған паталогиясында жанардың көру қабілетін қалпына келтіру. Аталмыш әдіс бойынша осы уақытқа дейін үш науқасқа ота жасалды. Олардың жағдайлары жақсы, үйлеріне шығарылған.
astana.gov.kz/kk/modules/material/9326

Пікір жоқ әзірше