Астанада аббаттандыру ережелерін сақтамаудың алдын алу мақсатында рейд өткізілуде
Астана қаласының Әкімшілік полиция қызметкерлері елорда аумағын аббаттандыру ережелерін сақтамауды алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізуде.
«Астана қаласы Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері күнделікті қала аумағында инерттік материалдарды (көмір және күл) төгу фактілерін анықтау бойынша Промышленный, Теміржол, Көктал, Ильинка елді мекендерінің жеке секторларына тексеріс жұмыстарын жүргізеді. Аталмыш іс-шараның мақсаты — жеке меншік үйде тұратын азаматтардың аббаттандыру тәртібін сақтауын қадағалау», — деп атап өтті Астана қаласы Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Игорь Горбунов.
Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, төрт күндік рейдтік іс-шаралар аясында жеке үй-жайлар аумағына көмір және күл қалдықтарын үйіп-төгудің 86 фактісі анықталды. Аталмыш үй-жайлардың иелеріне жалпы сомасы 700 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Еске салайық, жыл басынан бері Астана қаласы Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерімен жеке секторлардағы абаттандыру ережелерін сақтауды қадағалау мақсатында 123 іс-шара өткізілді, деп хабарлайды astana.kz.
inform.kz/kaz/article/2832357

Пікір жоқ әзірше