Аймақтық ауылшаруашылық жәрмеңкелер маусымын Ақмола облысы аяқтады

Астана жаңалықтары: Аймақтық ауылшаруашылық жәрмеңкелер маусымын Ақмола облысы аяқтады
«Хан шатыр» ОСО алдындағы алаңда Ақмола облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Бұл осы маусымдағы соңғы жәрмеңке. Ақмола облысының шаруалары дәстүрлі жәрмеңкеге жалпы құны 404 миллион теңге құрайтын 968 тоннаға жуық өнім әкелді.

Гүлмира Ермолдина, Астана қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшының орынбасары:

— Астанада дәстүрлі түрде ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі күнге дейін жәрмеңкеге 12 облыстың тауар өндірушілері қатысты. Ақмола облысы биылғы маусымды қорытындылады. Жалпы, ауылшаруашылық жәрмеңкеде 1 млрд. теңге құрайтын 4 мың тонна өнім ұсынылды.

Жәрмеңкеде қала тұрғындары жетпiстен астам өнiм түрлерi, атап айтқанда: көкөніс, ет, шұжық өнімдері, балық, жұмыртқа, күнбағыс майы және өзге де өнімдерді нарықтық бағадан 15-20%-ға төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік алды.

Қала тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлау үшін облыстың түрлі шығармашылық ұжымдары мен әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.

Айта кетейік, Қазақстан өңірлерінің қатысуымен өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкелері игі дәстүрге айналып, осымен алтыншы жыл қатарынан өткізіліп келеді. Биылғы маусым 22 тамызда «Мега» ОСО алдындағы алаңда басталған болатын. Әр демалыс сайын еліміздің облыстары мен қалаларынан келген тауар өндірушілер елордалықтарға өздерінің үздік өнімдерін ұсынды. Астана әкімдігінде атап өткендей, мұндай жәрмеңкелер дәстүрлі болып табылады және келесі жылы да жалғасын табады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9309
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше