Астанадағы бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 150-ден астам мүмкіндігі шектеулі тұлға қатысты
Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті. Аталмыш шара мүгедектерді жұмыспен қамту айлығы аясында ұйымдастырылды.
Үш сағат бойы өткен жұмыс жәрмеңкесіне елорданың 150-ге жуық мүмкіндігі шектеулі тұлғасы қатысты. Жәрмеңке аясында Астана қаласының 20-дан астам жұмыс беруші мекемелері күзетші, есепші, полиграфия мамандары және т.б. жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңке соңында шамамен 80 адамды компания тарапынан сұхбаттасуға шақырылды.
Сондай-ақ, бос орындар жәрмеңкесінде «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» әлеуметтік бағдарламасы бойынша кеңестер берілді.
astana.gov.kz/kk/modules/material/9306
Пікір жоқ әзірше