Халықаралық әскери-спорттық форумда елордалық құрама бірінші орынды иеленді
Кеше, 22 қазан күні, елорда әкімдігінде Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев халықаралық әскери-спорттық сайыста жеңіске жеткен елордалық әскери спорт клубының қатысушыларын марапаттады.
Биылғы жылы Астана қаласының Қорғаныс істер жөніндегі департаменті қалалық Білім басқармасымен бірігіп студенттер, кадет мектебінің оқушылары және әскери спорт клубының тәлімгерлері арасында әскери-қолданбалы бағытта республикалық байқау ұйымдастырды. Құрама мүшелері өз дайындықтарын және біліктіліктерін көрсете алды. Аталмыш жарыста Астана құрамасы жеңіске жетіп, «Жеңіс мұрагерлері» Халықаралық жастар форумына қатысуға мүмкіндік алды. Әскери-қолданбалы бағыттағы жарысқа 12 мемлекеттен 28 құрама катысты. Елордалық топтың құрамындағы 10 сайыскер бұл додада жоғары нәтиже көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша астаналықтар 45 медаль, соның ішінде 11 алтын, 9 күміс және 15 қола медаль иеленді.
Тағы бір атап өтетін жайт, Астана командасы «Жеңіске жігер» кубогын және әр құраманың өз елін таныстыруы сайысында бірінші орынға ие болды.
astana.gov.kz/kk/modules/material/9305

Пікір жоқ әзірше