Елордалық вокзал маңындағы автотұрақтар ақылы болады

Астана теміржол вокзалы маңындағы автотұрақтар келер жылы ақылы болады. Бұл туралы «Вокзал Сервис» президенті Қайрат Тұрлыханов мәлімдеді. Әкімдік балансында тұрған вокзал аумағы енді «Қазақстан Темір жолының» қарамағына өтпек. Ал келер жылы бұл аумақтың инфрақұрылымы толық өзгертіледі. Тұрақтарға шлагбаумдар орнатылып, арнайы қызметкерлер жұмыс істейтін болады. Бұл шара вокзал маңындағы кептеліс мәселесін шешіп қана қоймай, заңсыз таксистердің қызметін тоқтату мүмкіндігін тудырады» — деді Қайрат Тұрлыханов.

Қайрат Тұрлыханов, «Вокзал Сервис» АҚ президенті:

Ақшасын төлеп, шлагбаум ашылып, әрі қарай өте береді. Бұл жерде халыққа қызмет көрсетуіміз керек. Бүгінгі күні пойыздан түсіп үлгермей жатып, қолтықтап алып, ойбай такси былай апарам, бері апарам деген жолаушыларды сүйреу болмайды. Енді бұл сұрақтарды шешу үшін, біраз жұмыс жасау керек. Осы бұйырса 2016 жылдың басында шешіледі деген ойдамыз. Өйткені бүгінгі күні ол әкімшілікте.

Ал жолаушылардың қауіпсіздігі үшін орнатылуы тиіс «тексеру бекеттері» биыл қондырылмайтын болды. Бұл іс қаржылық қиындықтарға байланысты тұралап қалған. Жоба дайын, ол келер жылы іске қосылуы мүмкін.

astanatv.kz/news/show/id/42251.html
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше