Астанада кептелістерді азайту үшін ITS электронды жүйесі енгізіледі

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков бүгін eGov.kz сайтында астаналықтармен өткізген онлайн-конференция барысында қала көшелеріндегі кептелістерді азайтудың нақты шаралары туралы айтып берді.

«Астанадағы көлік кептелісін азайту бірнеше жолдар арқылы атқарылуда: а) айналма жолдардың салынуы, соның ішінде шағын айналма жолдарды дамыту — бүгінгі таңда Бейсекова — Сығанақ — Қошқарбаев — Ақжол көшелерінде осындай жолдар салынды. Шағын айналма жолды салу қаражаттың бөлінуіне қарай 2016-2020 жылдары да жалғасады», — делінген Ә.Жақсыбековтің жауабында.

«Келесі көшелердегі жол айырымдарының құрылысы және кептелісі көп көше қиылыстарында оң жақ бұрылыстарын салу. в) ITS (интеллектуалды көліктік жүйе) электронды жүйелерін енгізу. 2015 жылы аталмыш жүйенің Сарыарқа — Тұран — Қонаев — Достық — Сығанақ — Сарайшық көшелерінде бірінші кезеңі енгізілді. Қазіргі уақытта 114 көшеге 2-ші кезеңін енгізу бойынша жұмыстар атқарылуда. г) Орталық көшелерде жүк көліктеріне тыйым салу», — деп атап өтті әкім.

inform.kz/kaz/article/2831795
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше