«Qazaq Air» жаңа рейстерін іске қоспақ

«Qazaq Air» әуе компаниясы жаңа Талдықорған-Астана және Талдықорған-Алматы рейстерін іске қосады. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде әуе компаниясы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Блэр Поллок мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

– Qazaq Air» компаниясы 6 тамызда әуе тасымалымен айналысуға құқық беретін эксплуатант сертификатын алған болатын. Осы жылдың 14 тамызында билеттер сатылымы ашылды. Сөйтіп 27 тамызда біз жолаушылар тасымалын бастап кеттік. Бүгінгі күнге дейін 10 мың 240 жолаушыны діттеген жеріне жеткіздік. Бастысы, біздегі рейстердің уақытылы орындалу көрсеткіші 97 пайызды құрайды, — деді компания басшысы.

Ол компания келешекте әуе бағдарларының географиясын кеңейте түсуді көздейтінін, дәлірек айтқанда, биыл Талдықорған-Астана, Талдықорған-Алматы бағдарымен тұрақты қатынау жоспарланып жатқанын айтты.
«Qazaq Air» АҚ Алматы-Павлодар, Астана-Алматы, Павлодар-Шымкент, Алматы-Қостанай, Қостанай-Ақтөбе, Шымкент-Ақтөбе, Ақтөбе-Атырау, Шымкент-Атырау бағдарлары бойынша тұрақты аймақтық рейстерді орындап келеді.
Айта кетейік, «Qazaq Air» әуе компаниясы – ҚР Президентінің тапсырмасымен құрылған ең алғашқы компанияның бірі. Оның 100 пайыз акциясы «Самұрық-Қазына» АҚ иелігінде.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше