«Барыстың» бас бапкері тағайындалды
Астаналық «Барыс» хоккей клубының бас бапкері болып қайтадан Андрей Назаров сайланды.
Андрей Назаровтың былтырғы маусымдағы «Барыс» пен Қазақстан ұлттық құрамасындағы жетістіктері ескеріліп, осындай шешім қабылданыпты.
Ал, уақытша бас бапкердің міндетін атқарған Евгений Корешков команда сапында жұмысын аға бапкер ретінде жалғастырады.
Бас бапкер жаңа деммен клубты Братислава қаласына бастап барады. Онда жергілікті «Слован» клубы біздің «Барысқа» қарсы ойнайды. Ойын Астана уақытымен сағат 23.30-да басталады.
Андрей Назаров «Барыс» ХК мен Қазақстан ұлттық құрамасын 2014-2015 жылдары басқарды. Биыл 20 маусымнан бастап санкт-петербургтік «СКА» клубымен екі жылдық келішімшартқа отырған. Алайда, 16 қазан күнгі қазандық «Ақ Барс» командасынан жеңілген соң, қызметінен босатылды.
Пікір жоқ әзірше