Астанада Дельфий жастар ойындары басталды
Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында XI Дельфий жастар ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Биылғы Дельфи ойындары Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып отыр. Дәстүрлі Дельфи ойындарына еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан бес жүзден астам дарынды жастар жиналды.
Дельфи ойындары – заман талаптары қажет ететін өнер саласындағы жас мамандардың жыл сайынғы жарысы. Бұл жарыс өнер түрлерінің барлығын — бейнелеу өнерін, орындаушылық, қолданбалы өнер, сөз өнерін қамтиды.
Ашылу рәсімде «Ұлытау» тобы, «Славян базары-2015» халықаралық байқауының жеңімпазы Димаш Құдайбергенов, Қазақтанның халық әртісі Айгүл Елшібаева және халықаралық Дельфи ойындарының жеңімпаздары өз өнерлерін көрсетті.
Қатысушылардың жұмыстарын Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Айман Мұсаходжаева төрағалық ететін әділ қазылар алқасы бағалайды.
astana.gov.kz/kk/modules/material/9296
Пікір жоқ әзірше