Елорда әкімі «Алау» мұз айдыны сарайы мен «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалды кешенін аралады

Астана жаңалықтары: Елорда әкімі «Алау» мұз айдыны сарайы мен «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалды кешенін аралады

Бүгін елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков Астананың спорттық және мәдени инфрақұрылым нысандары – «Алау» мұз айдыны сарайы мен «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалды кешенін аралады.

Инфрақұрылым сапасының рейтингісінде бірінші және жылдамдық рейтингісі бойынша әлем мұз айдандары ішінде жетінші орын алатын «Алау» мұз сарайы бүгінгі таңда келушілер саны ең көп Қазақстандағы бірден-бір спорттық нысан болып табылады. Ағымдағы жылы жұмыс күндері де қолжетімді болған бұқаралық сырғанаулар жобасы, жаз маусымында үстел теннисіне арналған алаң, хоккей корты, фитнес-орталық, ойын спорты түрлеріне және хореографияға арналған жаттығу залдары, жағажай волейболы мен шағын футболға арналған даладағы алаңдар, сонымен қатар, техниканың соңғы талаптарына сай жасалған ату тирі – тек кәсіби спортшылар үшін ғана емес, спорт сүйер қауым үшін де сарай есігін айқара ашуға мүмкіндік береді.

«Сарай бос тұрмауы керек, оның барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану қажет. Ол кәсіби спортшылар үшін де, барлық тұрғындар үшін де қолжетімді болуы керек», — деген елорда әкімі, ҚР Президентінің спорттық нысандарды халық үшін қолжетімді ету бойынша тапсырмасын орындау басты мақсат екендігін атап өтті.

Ә. Жақсыбеков оқпен ату, коньки тебу және шорт-трек бойынша қала құрамаларының жаттығуларын бақылап, сондай-ақ, коньки спорты бойынша ұлттық құрама үздіктері Денис Кузин және Екатерина Айдовамен, Қазақстанның бас бапкері Вадим Саютинмен мұздың жағдайы туралы пікірлесті. Бас бапкердің сөзінше, «Алау» мұз айдыны сарайында «ертең-ақ Олимпиада өткізуге болады». Мұз айданын аралау кезінде елорда басшысы «Алау» мұз сарайының ұжымына жаңа директор Сауырбай Есжановты таныстырды.

«Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалды кешенінде 2015-маусымы аяқталды, дегенмен, кешеннің келушілер санын едәуір ұлғайтуға бағытталған келесі жылға құрған үлкен жоспарлары бар. Саябақ аумағында ыңғайлы орналастырылған нысан жақын арада, әсіресе, ЭКСПО-2017 қарсаңында елорданың туристік орталығына айналуы қажет.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9288
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше