4-5 жылда Астана «миллионер қала» атануы мүмкін

Астана жаңалықтары: 4-5 жылда Астана «миллионер қала» атануы мүмкін

Астана халқы жыл санап көбейіп келеді. Дәл қазір Астана қаласы халқының саны 867 790 адамды құрайды. Соның ішінде «Алматы» ауданы бойынша – 381 470 (44%), «Есіл» ауданы бойынша – 134 472 (15,5%), «Сарыарқа» ауданы бойынша – 351 848 (40,5%) адам.

Астана қаласы Статистика департаментінің хабарлауынша, 2015 жылдың басынан бері Астана халқы 14 908 адамға көбейген. Соның ішінде «Алматы» ауданы бойынша — 1616 адамға, «Есіл» ауданы бойынша — 7644 адамға, «Сарыарқа» ауданы бойынша — 5648 адамға өскен. Жыл басынан бері халықтың табиғи өсімі 14 523 адамды, көші-қон өсімі 385 адамды құрады.

Астана қаласы бойынша биылғы жылы 17 129 нәресте дүниеге келген, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,9%-ға көп.

Бір әттеген-айы, елордада жыл басынан бері АХАТ органдарында тіркелген некелесулер саны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,4%-ға азайып, ажырасулар саны керісінше 8,9%-ға өскен.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше