Тұрғын үй құрылысында игерілген инвестиция көлемі – 92 млрд 765,4 млн теңге

Астана жаңалықтары: Тұрғын үй құрылысында игерілген инвестиция көлемі  – 92 млрд 765,4 млн теңге

Биыл қаңтар-қыркүйек аралығында тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 92 млрд 765,4 млн теңгені құрады, деп хабарлады Астана қаласы Статистика департаменті.

Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен жалпы ауданы 1 274 751 шаршы метр 11576 пәтер пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш 2014 жылдың сәйкес кезеңінен 61,6%-ға жоғары. Жеке салушылар есебінен жалпы ауданы 32 911 шаршы метр тұрғын үйлер салынған. Бұл 2014 жылдың қаңтар-қыркүйегінен 65%-ға артық.

Елордада жыл басынан бері тұрғын үйлердің 1 шаршы метрін салудың орташа нақты құны 116,6 мың теңгені, оның ішінде жеке салушылармен салынғаны 82,2 мың теңгені құрады.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше