Астаналықтар картоптан тапшылық көрмейді

Астана жаңалықтары: Астаналықтар картоптан тапшылық көрмейді
Ақмола облысында картоп пен көкөнiстердi жинау сәттi аяқталды. Жалпы өңiр бойынша жиналған картоптың өнiмi облыстың және Астана қаласының қажеттiлiгiн толық өтейдi деп болжануда. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Картоп биылғы жылы өңiрде 18,7 мың га жерге салынған, оны жинау өнiмдiлiгi 225,3 мың тоннаны құрады. Облыстағы орташа өнiмдiлiк 120,4 ц/га құраған.

Бүгiнде облыстың ауыл шаруашылық қалыптастыруларында 60 мың тонна картопты сақтай алатын 66 қойма бар. Бүгiнде оларға 66 мың тоннадан астам картоп сақталуға қабылданған.

Жаппай жиналған картоптың 25% өзге елдерге жөнелтуге, ал қалған картоп көлемi қысқы қорға сақтауға арналған.
Жалпы облыс бойынша 2015 жылдың егiстiк жұмыстарын сәттi аяқтау бойынша және болашақ егiстiк науқанына дайындық бойынша жұмыстар жүргiзiлiп, шаралар қолданылуда.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше