Астанада биыл 3 187,3 млн теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді
Астанада ағымдағы жылдың басынан бері жалпы сомасы 3 187,3 млн теңгеге тегін қызметтерді ұсыну және ақшалай төлемдер нысаны түрінде әлеуметтік көмек көрсетілді.
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесі негізінде жыл сайын Мүгедектер күні қарсаңында материалдық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, жолаушылар көлігінде тегін жол жүру, тістерін тегін протездеу, жер үйде тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге көмірді сатып алуға өтемақы беріледі.
Барлығы 90000 астам адам әлеуметтік қолдаумен қамтылатын болады. Оның 66,8 мыңы – зейнеткерлер. Олардың ішінде 183ҰОС ардагер бар. Мүмкіндігі шектеулі адамдар – 19,5 мың, оның 3266-ы балалар. Көп балалы отбасылар – 6440, көп балалы аналар – 3980. Сондай-ақ, аз қамтылған азаматтар саны 3 мыңнан асады.
Пікір жоқ әзірше