Астанада қандай температурада сабақтың тоқтатылатыны белгілі болды

Астана жаңалықтары: Астанада қандай температурада сабақтың тоқтатылатыны белгілі болды
Қалалық Білім басқармасы Астана қаласы әкімдігімен бірге қысқы маусымда ауа райының қолайсыздығына байланысты білім ұйымдарындағы сабақты тоқтату шарттарын ұсынды.

Оқу жылының қысқы кезеңінде білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сабақты тоқтатудың мынадай параметрлері бекітілді:

  • 1-4 сыныптарда минус 25 градус және одан төмен ауаның температурасында;
  • 1-9 сыныптарда минус 30 градус және одан төмен ауаның температурасы болғанда;
  • 1-11 (12) сыныптарда, колледждерде (1-2 курс студенттері) үшін минус 35 градус және одан төмен ауаның температурасы сабақ тоқтатылады.

Атмосфералық ауа температурасы желдің жылдамдығына сәйкес. Егер желдің күші 15-20 м/с болғанда ауа райы күрт өзгеріп, боран болады.

Сабақты тоқтату туралы хабарды 6.45-тен 7.00-ге дейін (І ауысым) және 12.15-тен 12.30-ға дейін (ІІ ауысым) ақпарат көздерінен алуға болады:
  • «31-арна», «СТВ» арналарында жүгіртпе жолмен хабарланады;
  • «АлмаТВ», Астанателеком «Digital ТВ» кабельді телевизиялық жүйесінің ақпараттық каналынан жазбаша түрде хабарлама беріледі;
  • «Хабар», Қазақстан-1», «ОРТ Қазақстан», «Астана ТВ», «КТК», «НТК» телеарналарынан дауысты хабарлама беріледі;
  • «Радио-Астана», «Ретро-ҒМ», «Қазақстан-РВ», «Авто-радио», «Шалқар» радио толқындарынан дауысты хабарлама беріледі.

169 (ақылы), 109 (ұялы телефоннан ақысыз) телефондарына қоңырау шалуға болады.

Астана қаласы әкімдігінің www.astana.gov.kz, Білім басқармасының www.bilim.astana.kz сайтында да хабарланады.
Ата-аналар балалары оқитын мектептің кезекші телефонына, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне хабарласуға болады.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше