«Астана» Мадридте алғашқы жаттығуын өткізді

Астана жаңалықтары: «Астана» Мадридте алғашқы жаттығуын өткізді
«Астана»командасының футболшылары кешкі жаттығуды мадридтік «Реалдың» негізгі алаңында өткізген. Жаттығу бір сағатқа созылған. Футболшылар ұзақ сапардан кейін аяқ-қолдарын жазып, бапкерлердің тапсырмаларын орындаған – деп хабарлайды bnews.kz ақпараттық порталы «Астана» ФК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Айта кету керек, бүгін қазақстандықтар «Висенте Кальдерон» стадионында матч алдындағы жаттығуын жасайды деп жоспарланған. Сонан соң «Астана» мен «Атлетико» клубтарының өкілдері баспасөз мәслихатын өткізеді.

Естеріңізге саламыз, УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясындағы «Атлетико» (Мадрид) – «Астана» арасындағы матч қазанның 21-інен 22-іне қараған түні сағат 20:45-те өтеді. Ал Қазақстан уақытымен ойын 22 қазан күні түнгі 00:45-те басталады.

Ойында Алексей Кульбаков бастаған беларусиялық мамандар төрелік етеді.
Бөлісу:

1 пікір