Астаналық полицейлер қысқа қамданып жатыр
Қ.Мұнайтпасов атындағы стадионда елордалық полицейлер құрамы дәстүрлі саптық шеру өткізді. Аталмыш іс-шара полицейлердің қысқы киім үлгісіне көшуі аясында ұйымдастырылды – деп хабарлайды astana.gov.kz сайты.
Салтанатты саптық шеруге Астана қаласы Ішкі істер департаментінің басшысы, генерал-майор Амантай Әубәкіров қатысты.
Салтанатты шара аяқталған соң елордалық гарнизонның барлық бөлімшелері саптық шеруге қатысты. Олардың қатарында учаскелік полиция қызметкерлері, тергеушілер, әкімшілік полиция қызметкерлері, оперативтік қызметкерлер, жол-патруль полицияның қызметкерлері бар. Шара барысында елордалық гарнизонның бөлімшелері ұжымшылдығы мен біліктілігін көрсетті.
Пікір жоқ әзірше