Астанада Рухани келісім күніне орай конференция өтті
Астанада «Елбасының БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында діни экстремизмге қарсы әрекет ету механизмін әзірлеу туралы сөйлеген сөзі аясында» тақырыбында жыл сайынғы конференция өтті.
Конференцияның мақсаты — адамзатаралық және ұлтаралық келісімнің рухани дамуына байланысты заманымыздың өзекті мәселелерін талқылау.
Аталмыш конференция Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен Рухани келісім күніне орай ұйымдастырылды. Шараға этно-мәдени бірлестіктер, мемлекеттік органдар, жастар ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ, ғалымдар мен сарапшылар қатысты.
Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың айтуынша, мұнда қабылданған шешімдер түрлі діни және этникалық топтардың өмір сүруінің тиімді формуласын дамытуға көмектеседі. Қатысушылардың ойынша, жастармен бағдарлы түрде жұмыс істеу қажет.
Еске салайық, 1992 жылдың қазан айында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен Бүкіләлемдік рухани келісім конгресі өткен болатын. Бұл іс-шара біздің көпұлтты және конфессияаралық елдегі бейбітшілікті қолдау тақырыбындағы жыл сайынғы конференциялар өткізу дәстүрін қалыптастырды.
astana.gov.kz/kk/modules/material/9272
Пікір жоқ әзірше