Астанада мектепке дейінгі мекемелерге топтау басталды

Астана жаңалықтары: Астанада мектепке дейінгі мекемелерге топтау басталды

Астанада 2-13 қараша аралығында кезекке тіркелген барлық жас топтарының балалары үшін жаңадан ашылған мектепке дейінгі мекемелерге топтау жүргізіледі. Жолдама кезекке сай қолданыстағы балабақшаларға беріледі, деп хабарлады astana.gov.kz сайты.

Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды топтау № 61 орта мектекте әр сәрсенбі күні сағат 10:00-17:00 аралығында өткізіледі. Астана қаласының тұрғындары кезектің жылжығанын электрондық қызмет арқылы біле алады. Ол үшін egov.kz порталына ЖСН, аты-жөні және баланың туған жылын енгізсе, жеткілікті. Егер кезек нөмірі көрсетілмеген жағдайда, жұмыс топтарына хабарласудың қажеті жоқ. Балабақшаның орналасқан мекенжайы сізді қанағаттандырмаған жағдайда жолдамадан бас тарта аласыз. Бұл ретте сіздің кезегіңіз сақтаулы қалады.

Жеңілдік санатындағы азаматтардың назарына! Қарастырылған қолдаухаттардың нәтижелерін 9-13 қараша аралығында білуіңізге болады.

Топтау кестесіне жолдама алу үшін көрсетілген кезек нөміріне сәйкес Қарталы көшесінде орналасқан № 61 орта мектепке бару керек.

Топтау аяқталған соң 1 желтоқсанда egov.kz порталынан кезектің жылжығанын көруге болады. Жұмыс тобының кестесімен Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтындағы «Ақпараттар бюросы» айдарынан толыққанды таныса аласыздар.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше