Астана тұрғындары пошталық және курьерлік қызметтерге жиі жүгінеді

Астана жаңалықтары: Астана тұрғындары пошталық және курьерлік қызметтерге жиі жүгінеді
Астана қаласы Статистика департаментінің хабарлауынша, жыл басынан бері байланыс кәсіпорындары 102 836 млн теңге сомасына қызмет көрсетті.

2015 жылдың қаңтар айынан бастап байланыс қызметінен түскен табыстар құрылымында 60,9%-ын мобильді байланыс алады, интернет – 21,6%, қалааралық және халықаралық байланыс түрлері – 1,4%, жергілікті телефон байланысы – 2,2%, өзге де байланыс түрлері 13,9%-ды құрады.

Бұдан бөлек, табыстардың жалпы көлемінен 65,8%-ы халыққа байланыс қызметін көрсетуден түсті және 67630,4 млн теңгені құрады.

Сондай-ақ, кәсіпорындардың пошталық және курьерлік қызмет көрсетуден түскен табысы 3119,1 млн теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезең деңгейінен 2,5 есеге жоғары.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9273
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше