Жыл басынан бері Астанада өнеркәсіп өнімінің көлемі 200 млрд теңгеге жуық болды

Астана жаңалықтары: Жыл басынан бері Астанада өнеркәсіп өнімінің көлемі 200 млрд теңгеге жуық болды
Ағымдағы жыл басынан бері өнеркәсіп өнімінің көлемі (тауарлар, қызметтер) 194,8 млрд. теңгені құрады, 2014 жылғы қаңтар-қыркүйектегі деңгейге қатысты алғанда 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 108% болды.

Астана қаласы Статистика департаментінің хабарлауынша, өңдеу өнеркәсібіндегі өнімнің нақты көлемі 2014 жылғы қаңтар-қыркүйектегі деңгеймен салыстырғанда 9,2%-ға өсті және қолданыстағы бағамен 151,4 млрд. теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің өсуі металлургия өнеркәсібінің, жиһаздан басқа ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру; сабаннан және өруге арналған материалдан жасалған бұйымдар өндірісінде байқалады.

Тамақ өнімдері өндірісінде нақты көлем индексі 95,1%-ды құрады. 2014 жылғы қаңтар-қыркүйектегі деңгеймен салыстырғанда шұжық өнімдерін өндіру 19,5%-ға қысқарды. Сонымен қатар, макарон өнімдерін өндіру 9,8%-ға өсті.

Құрылыс индустриясы кәсіпорындарымен цементтен, бетоннан немесе жасанды тастан жасалған тақтайшалар, тақталар, кірпіштер және ұқсас бұйымдар (114,3%), тауарлы бетон (112%) өндірісінің өсімі қамтамасыз етілді. Машина жасауда өнімнің нақты көлемінің төмендеуі негізінен өзге де көлік құралдарын шығарудың қысқаруына қатысты (67,6%) орын алды.

2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда өнім (тауар, қызмет) көлемі 37,5 млрд. теңгені құрады, 2015 жылғы қаңтар-қыркүйектегі нақты көлем индексі 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 103,7% болды.

2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда қызмет көлемі 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 2,3%-ға азайып, 5,9 млрд. теңгені құрады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9262
Бөлісу:

1 пікір