Астанада Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтеді

Алдағы демалыс күндері Астанада кезекті ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Дәстүрлі күзгі жәрмеңке «Хан шатыр» ОСО алдындағы алаңда ұйымдастырылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары осы жолы Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарының үздік тауар өндірушілерінің өнімдерін сатып ала алады.

Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарының фермерлері 1000 тоннаға жуық өнім ұсынады. Еске салайық, Қазақстан өңірлерінің қатысуымен өтетін апта сайынғы ауыл шаруашылық жәрмеңкесі Астана қаласы әкімдігінің азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында іске асырылады. Елорда тұрғындары тауар өнімдерін нарық бағасынан 15-20 % арзанға сатып алады.

Астанада қыркүйек айының басынан бері Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткен болатын.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9252
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше