Астана жаһан астаналарымен бірге
Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков ЭКСПО-2015 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің астанасы Милан қаласына жасаған ресми сапары аясында Мэрлер Саммитіне қатысты.
Қалалық азық-түлік саясатының Миландық Конвенциясына қол қою Мэрлер Саммитінің басты тақырыбына айналды. Аталмыш Конвенцияны ЭКСПО-2015 көрмесінің ең маңызды мұрасы деп атайды. Әлемнің жүзден аса қаласы бекіткен халықаралық протокол азық-түлік қауіпсіздігі мен азық-түлік жүйелерін дамытуға негізделген. Урбанизацияның қарқынды процесі салдарынан аталмыш пакт дұрыс тамақтану мен тұрақты тағам мөлшерін, қала және қала маңында азық-түлік өндіруді және азық-түлік саласындағы қызметті үстемелеуді көтермелеуге бағытталған.
Бекітілген Конвенция Бүкіләлемдік азық-түлік күнінің салтанатты рәсімінде БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунге таныстырылады, аталған шараға Ә. Жақсыбеков те қатысады.
astana.gov.kz/kk/modules/material/9258
Пікір жоқ әзірше