Мектепке дейінгі мекемелерде тамақтандыру бағасының қымбаттауы туралы
Қаладағы мектепке дейінгі мемлекеттік мекемелерде балаларды тамақтандыру шығындары көлемі 2010 жылдан бері тұрақты сақталуда.
2010 жылдан бастап айлық есептеу көрсеткіші 1413 теңгеден 1982 теңгеге дейін өсті. Азық-түлік шығындары жылдық индекссіз (7% – инфляция деңгейі) есептелген.
Бұл уақыт аралығында балалар рационында міндетті болып табылатын бірқатар негізгі азық-түлік бағасы қымбаттады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көрсету ережелері мен көрсетілетін көмек көлемін, көздерін және түрлерін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес мектепке дейінгі мекемелерде азық-түлік стандарттары қайта қаралып, есептеулер жүргізілді.
Тарифтік жүйе талдау, орташа нарықтық баға, сондай-ақ, мектепке дейінгі мекемелердегі шығыс көлемінің негізінде есептелген.
astana.gov.kz/kk/modules/material/9256
Пікір жоқ әзірше